Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

#BMgoGREEN әлеуметтік жобасы аясында Efes Kazakhstan Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге және олардың санын арттыруға өз үлесін қосады

Танымал

Ел аузында

«Сосновый бор» экопаркінің аумағында «Эфес Қазақстан» компаниясы “Eco Fund Tabigat” жеке қорымен бірлесіп эко жобасының басталуына орай арнайы шара өтті.

«Сосновый Бор» экопаркінің аумағында #BMgoGREEN әлеуметтік жобасының іске қосылуына орай “Eco Fund Tabigat” жеке қорының негізін қалаушысы Тимур Елеусізов және «Эфес Қазақстан» ШК АҚ бас директоры Эртан Курт, маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Эркан Альп, Үкімет және корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Чингиз Қаскеев БАҚ өкілдерімен бірге орманды қалпына келтірудің бастамасы ретінде күл көшеттерін отырғызды.

«Eco Fund Tabigat» жеке қорының басшысы Тимур Елеусизов:

«Сосновый Бор» саябағын құрудың басты мақсаты – қаладағы жасыл желектің санын арттыру, экология мәдениетін насихаттау және елдегі экологиялық жағдайға жұртшылықтың назарын аудару. Біз «Сосновый бор» жобасын бастаған кезде оның ауқымды көлеміне сеніммен қараған жандардың саны аз еді, ал бүгінде бұл мекен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өсіп келе жатқан саябаққа айналды. Бұл бастамасы ғана. Жақын арада Қазақстанның басқа қалаларында да осындай экосаябақтарды құруды жоспарлап отырмыз»

Ағаш егу ұзақ уақыт бойы экологиялық тұрақтылыққа бағытталған маңызды қадам ретінде танылды. Егілген әрбір ағаш ормандардың жойылуымен күресуде, көмірқышқыл газының деңгейін төмендетуде, ауаның сапасын жақсартуда, биоәртүрлілікті сақтауда және болашақ ұрпақ үшін экожүйені қорғауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, ағаштар эрозия мен су тасқынына қарсы табиғи тосқауыл ретінде әрекет етеді, жергілікті қауымдастықтар мен жануарлар дүниесін қорғайды.

«Эфес Қазақстан» ШК АҚ бас директоры Эртан Курт:

«Қазақстанды шарпыған орман өрттерінің жиі орын алуы жағдайында экологиялық мәселелерді шешудің өзектілігі бұрынғыдан да айқын көрінеді. Орман өрттерінің елдің экожүйесі мен халқына әсері қатты алаңдатады. #BMgoGREEN науқаны ең алдымен бүгінгі мәселені көрсетуге, сондай-ақ өнімді саналы тұтынуға бағытталған. Күшімізді біріктіріп, бәріміз бірге бір-бір ағаштан егейік. Біз бірге Қазақстанның нулы ормандарын қалпына келтіруге әсер етіп, болашақ ұрпақ үшін жеріміздің табиғи сұлулығын сақтау жөніндегі жаһандық күш-жігерге үлес қоса аламыз»

#BMgoGREEN әлеуметтік жобасы «Белый Медведь» брендінің және “Eco Fund Tabigat”  жеке қорының қолдауымен осы жазда өз жұмысын бастады. Шілдеден қыркүйекке дейін «Эфес Қазақстан» АҚ Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіру және кеңейту үшін Белый Медведь «Золотая Серия» өнімінің әрбір сатылымынан 10 теңге инвестиция ретінде бағытталатын болады.

Зейнеп Эркан Альп маркетинг департаментінің директоры:

«Біз «Белый Медведь Золотая Серия» брендімен бірлесе отырып, Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау және ормандарды молықтыру жөніндегі игі бастаманы қолға алдық. Оң өзгерістер енгізу ниетімен шабыттанып, зардап шеккен аймақтардағы ормандарды қалпына келтіру үшін сатылған әрбір бөтелкеден 10 теңге бағыттаймыз. Осы іске тікелей үлес қосу арқылы біз зардап шеккен ландшафттарды қалпына келтіруге ұмтыламыз»

Атап кетсек, корпоративті-әлеуметтік жауапкершілік аясында «Эфес Қазақстан» компаниясы халықтың назарын еліміздегі қоршаған ортаны көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға алғашқы рет көңіл аударып отырған жоқ, осылайша бизнестің табиғатты қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарауының айқын үлгісін көрсетіп отыр.

«#BMgoGREEN жобасы әрі қарай жалғасады. Болашақта біз Қазақстанның өрттен зардап шеккен аймақтарына көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз», – дейді корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Чингиз Каскеев.

2022 жылдың қазан айында Most бизнес-инкубаторымен серіктестікте кәсіпкерлік бағдарламасы іске қосылды, онда компания айналмалы экономика саласындағы жобаларды дамытатын және олардың көміртегі ізін азайтатын жас Greentech стартаптарына қолдау көрсетті. Нәтижесінде үш жоба инвестицияға ие болды. Олар Neo Ecology (Алматыдағы су айдындарын қалпына келтіру және тазарту жобасы neo-ecology.net), Plastic Hara Hura (қайта өңделген пластмассадан жиһаз, интерьер заттары мен пайдалы бұйымдар шығару) және Urgaq.Eco (кофе қалдықтарынан эко-былғары өндіру). Сондай-ақ, 7 жыл ішінде (2013-2019 ж.) «Эфес Қазақстан» компаниясы мен Қазақстанның Зоология институты «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтаңыз» атты жоба аясында бүркіттерді табиғатта өмір сүруге бейімдеу арқылы олардың санын көбейте алды. Экологтар мен орнитологтардың айтуынша, бағдарлама басталғанда Алматы облысында құстардың жалпы саны он жұпқа да жетпейтін. Әлеуметтік жоба аяқталғаннан кейін жұп құстардың саны 25 жұпқа дейін өсті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана»  жобасы жалғасуда

Алматы волонтерлері «Әлеуметтік шеберхана» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін Медеу мұз айдынына ерекше әрі қызықты...