Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Нұрлан Еспановтың жары: Нұрлан қыз босанғаныма «ұл болмады» деп өкпеледі

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Нұрлан Еспановтың жары Жанар Еспанова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында қызғаныш сезімі, қандай дертке шалдыққаны, ене мен келін тақырыбы, балалары туралы әңгімеледі.

Бағдарлама қонағы қандай дертке шалдыққаны, сол кездегі жарының қолдауы туралы айтып, көзіне жас алды.

«Сүлікке барып, ем қабылдайын дедім. Сүлікке барғанда, қан ағады ғой. Негізі өзі тоқтайды, менікі тоқтамады. Өзім йод жағып, тоқтаттым. Ертесіне барғанда, сол жердің терапевті «қан тапсырып көр» деді. Анализ тапсырдым, нәтижелері көтеріліп кеткен екен. Ол дәрігерге жіберді. Тағы анализ тапсырып көріп едім, екі есе үлкен болып тұр екен. Дәрігер сол жерде диагнозымды айтты. Шок болдым. Диагнозым «хронический миелолейкоз» болды. «Ештеңе ауыстырып керек емес» деді. Химия ретінде дәрі іштім. Қазір, шүкір жақсы. Нұрланның арқасында депрессиядан шықтым», – деді ол қиын сәтті есіне алып.

Бағдарлама қонағы балалары туралы және Нұрланның әкелік сезімі жайлы да әңгімеледі.

«Қызымды он сегізде, ұлымды жиырма екіде босандым. Жас болғаннан кейін бе, сезімі онша оянған жоқ. Ол кезде қыз босандым ғой, ол кішкене «ұл болмады» деп өкпеледі. Әкелік сезімі кейін үшінші қызында оянды. Үшінші қызым – Мөлдір үш айында Алматыға көштік. Үйде өзіміз болған соң, көңіл аударып, ойыншық алып беріп, еркелететін», – деді ол.

Сондай-ақ, ол енесі алтын адам екенін айтып, ұлына қатысты да сөз қозғады.

«Кезінде ұлым Олжас бір ұйғыр қызбен жүрген. Мен «қарсылығым жоқ, әкеңнің алдынан өт» дедім. Әкесі «қазақтың қыздары тұрғанда» деп келіспеді. Қойды, амал жоқ. Ол қыз қазір тұрмысқа шығып кетіпті», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...