Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Танымал

Ел аузында

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін», – делінген болжамда.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылы, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді.

Оңтүстікке келсек, ауа температурасы 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2…7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында болады. 

Қазақстанның орталығында түнде -3…+5-тен -7…+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3…+5-дан -1…+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.

Елдің оңтүстігінде -1…+7-ден -3…+5 дейін сәл төмендей түседі, ал күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін болады. 

Республиканың оңтүстік-шығысында -1…+7-ден -3…+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылынады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...