Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
29.3 C
Shymkent

Қару тапсырған қазақстандықтарға 91 миллион теңге төленді

Танымал

Ел аузында

Акция аясында мыңнан астам азамат полицияға келіп, 1,4 мың қаруды өз еркімен тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Қазақстанда қару-жарақ тапсыру акциясы аяқталды. Қару-жарақты ерікті түрде тапсырған қазақстандықтарға мемлекет тарапынан қаражат төленеді, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

ІІМ бұл акцияны 20 сәуірден бері өткізіп келеді. Осы жылы бұл мақсатқа 95 миллион теңгеден (225 мың доллар) астам қаражат бөлінді.

«Ерікті түрде тапсырғандар үшін техникалық күйіне қарай әрбір қару-жараққа 10-100 айлық есептік көрсеткіш арасында ақша төлеу қарастырылған», – деді Нұрділдә Ораз ІІМ брифингінде.

Оқ ату қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды қабылдау полицияның әрбір аймақтық органында жүргізілді.

Акция аясында мыңнан астам азамат полицияға келіп, 1,4 мың қаруды өз еркімен тапсырған. Оның арасында автоматты иір ойық қару, ұзын ұңғылы, қысқа ұңғылы, тегіс ұңғылы, травматикалық қару, сондай-ақ жарылғыш заттар мен патрондар бар.

Аймақтар арасында Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары көп қару тапсырған.

Бүгінгі күні қару тапсырған 908 қазақстандыққа 91 миллион теңге (215 мың доллар) төленді.

Ерікті түрде тапсырылған барлық қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар заңмен қарастырылған тәртіпте утилизацияланады.

Бірақ қаруды сақтап қоятын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғыны 1900 жылы шығарылған «Наган» маркалы револьверді тапсырған. Бұл қару оған марқұм атасынан мұра боп қалған. Осы револьвер өңірдегі полиция департаментінің музейіне экспонат ретінде тапсырылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілер арасында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне...