Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Тоқаев қытай тілін қанша уақытта меңгергенін айтты

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт-Тоқаев Сүлефмен Демерель атындағы университетінде студенттермен кездесіп, қытай тілін қанша уақытта үйренгенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына ресми сапары барысында Сүлеймен Демирел атындағы университетке де барған еді. Университетте 8500-ден аса студент оқиды, олардың ішінде Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.

Кездесу барысында 3-курс студенті Ұлмекен Президентке қытайша сұрақ қойды. 

«Менің сізге бір сұрағым бар еді. Сіз қытай тілін қанша уақытта меңгердіңіз? Мен 2 жыл бойы қытай тілін оқып келемін, бірақ маған әлі қиын», – деді студент. 

Мемлекет басшысы қытай тілін қанша жылда меңгергенін және қайда жұмыс істегенін бөлісті. 

«Мен қытай тілін 5 жыл оқыдым. Алдымен МГИМО-да (Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты – еск.), кейін Сингапурға барып, онда 4 жыл жұмыс істедім. Кейін қайта Мәсукеге келіп, сонда 3 жыл қызмет еттім. Одан соң Бейжіңге барып, Бейжің лингвитикалық институтында 1 жыл оқуымды жалғастырдым», – дейді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін Ангола азаматының Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлескені хабарланған еді.

Ангола азаматы Элиша Ферейра Мемлекет басшысымен қазақ тілінде тілдескен. Ол қазір 4-курста оқып жатыр.

«Біздің университетке қош келдіңіздер. Есімім – Элиша. Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!» – дейді Элиша Ферейра.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...