Туған қызын зорлаған алматылық 20 жылға сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПД мәліметінше, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс Алмалы аудандық полиция басқармасымен тергелген.
«Іс жүргізу материалдарында 2021 жылдан бері 1979 жылы туған М. есімді ер адам 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсіп, моральдық зиянмен қоса, денсаулығына да зиян келтіргені анықталды. Екі жылдан кейін қыз бұл туралы анасына айтуды шешті. Ол өз кезегінде полицияға арызданған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес М. дереу уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Содан кейін сот оны қамауға алуға санкция берді. Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың түсініктемесімен және тергеу әрекеттерімен дәлелденді», – деді, Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
2023 жылғы 16 тамызда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша М. ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.