Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Алачаты: серфингтің отаны

Танымал

Ел аузында

Измир түбегінің батыс жағалауында орналасқан Чешме серфингшілер үшін өте маңызды. Чешмеге қосылған Алачаты «әлемдегі ең жақсы серфинг орындарының» бірі ретінде танымал. Ол екпінді желі, қолайлы ауа-райы, шағыл құмы, таяз және қауіпсіз суы бар әлемнің виндсерфинг орталығына айналған.

Жақында PWA Windsurfing World Cup Алачатыда бірнеше рет өтті. Онда әлемнің ең үздік серфингшілері додаға қатысады. Алачаты жағалауында үлкен виндсерфинг клубтары мен оқу орталықтары бар, сондықтан серфингшілер серфинг жабдықтарын жалға алғанда аса қинплмайды. Тағы бір демалыс орны Урла – кайтсерфингпен айналысатын танымал орын. Қатты желдің арқасында Урла тамаша кайтсерфингке қойылатын барлық талаптарға сай. Сондай-ақ көптеген серфинг оқу орталықтары мен жеке сабақтар бар.
Кайтсерфинг жағажайы Гүлбахче орталығынан шамамен 6 км қашықтықта, жаңадан бастағандар үшін қолайлы суы таяз кең байтақ батпақты аймақта орналасқан. Желді күнде суды тамашалап, жағажайда күннің батуын тамашалай отырып, Урла мейрамханалары мен таверналарында жергілікті тағамдардың дәмді дәмін татып көруге болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...