Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.1 C
Nur-Sultan
36.6 C
Almaty
38.1 C
Shymkent

Дәрігер тапшылығы қашан шешіледі? Министр жауап берді

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігер тапшылығына қатысты сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қызылордада балалар гематологы мен травматолог, Жезғазғанда педиатр мен ортопед болмағандықтан, Қарағанды мен Астанаға барады екен. Ал Түркістанда жүкті әйелдердің УЗИ мәселесі ушығып тұр. Халық 2-3 айлап кезек күтпеу үшін мамандардың тапшылығы қашан шешіледі?» – деп сұрақ қойды журналист министрге.

Министрдің айтуынша, биылдың өзінде 4 мыңға жуық дәрігер дайындалып, олар жұмыспен қамтылған.

«Оның ішінде педиатор, терапевт секілді мамандар бар. Әкімшілікпен бірлесіп жұмыс істеп отырмыз. Қызылорда облысындағы гематолог дәрігерге қатысты сұрақты өзім жақсы білемін, себебі бұл облысқа барған кезде осы сұрақты көтерген болатын. Қазір балалар гематологын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Ал Түркістан облысы – үлкен аймақ. Нақты қай аудан екенін айтсаңыз дұрыс болар еді. Былтырдан бастап балалардың туабітті ахауларын алдын ала білу үшін жүзден аса ультрадыбыстық мамандарды оқытып жатырмыз. Мұндай мамандарды елімізде ғана емес, сонымен қатар, шет елде де дайындап жатырмыз», – деді министр.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/91346/

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде...