Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері студенттерге есірткінің зияны туралы ескертті

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанып, есірткіні тұтынуға теріс көзқарас қалыптастыру аясында, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараға ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Бурханов, білім беру өкілдері, дәрігер-наркологтар, сондай-ақ оқу орнының оқытушылары мен 70-тен астам студенттері қатысты.
Кездесу барысында полицейлер мен нарколог-дәрігерлер, жастар арасында нашақорлықтың таралу мәселелерін талқылап, нақты мысалдармен есірткіні қолданудың зиянын айтты. Сондай-ақ есірткіні, оның ішінде синтетикалық және психотроптық заттарды сақтау және тарату жауапкершілігі туралы жеткізді.
Тәртіп сақшылары студенттерге зиянды әдеттердің салдары туралы арнайы дайындалған тақырыптық бейнероликтерді көрсетті. Жастарды болашақ жоспарларын бұзуы мүмкін ойланбаған әрекеттерден сақтандырып, есірткі айналымына байланысты қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Кездесу соңында полицейлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, «Есірткіге жол жоқ!» деген жазу бар футболкалар мен ақпараттық буклеттер таратты. Сондай-ақ жастарға ҚР заңнамасын сақтауға, өз денсаулығына және нашақорлық проблемаларына бей-жай қарамауға кеңес берді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...