Өз кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, қолынан келгенше ел ішіндегі мұқтаж жандарға сөзімен де, ісімен де жанашыр болып жүрген кәсіпкерлер жетерлік. Солардың бірі “Гүлдимед” Шығысмедициналық орталығының құрушылары Камария Нұржауқызы мен Гүлмира Серік деуге болады. Медицина саласындағы еңбектерін Қытай Халық Республикасынан бастаған олар 2015 жылдары тәуелсіз елге бет түзеп жұмыстарын Қазақстанда жалғастырып кәсібімен де, адал жүрегімен, халыққа деген қамқорлығымен де көрсетіп келеді.
Бүгінде туған жерінде қызмет атқарып келе жатқан “Гүлдимед” ұжымы дертіне шипа іздеген талай жанның алғысына бөленуде. Орталық негізін қалаушы білікті де, тәжірибелі дәрігер Камария Нұржауқызы мен Гүлмира Серіктің ине қойып адам емдеудегі еңбектері емделушілердің жүрегінен орын алып, орталықтың гүлденуіне ықпал етті.
Әсіресе, аяқ-қол, буын аурулары, инсульт, салдану, бел омыртқа аурулары – грыжа, протрузия, остеохондроз, бүйрек әлсіздігі, асқазан-ішек ауруларының ішінде асқазан жарасы, бауыр, бүйрек, өт жолдары мен жүрек ауруы және варикозды емдеуде инетерапия мен емдік шөп дәрілердің маңызы зор екенін орталық мамандары көрсетіп келеді.
Тек қана табиғи жолмен емдеуді мақсат ететін Гүлдимед зертханасында Алтай, Алатау, Қытай тауларынан әкелінетін 350-ге жуық емдік шөптер бар. Міне, осы емдік шөптерден Қытай елінде арнайы потентке ие болған асқазан-ішек ауруларына, тері ауруларына, варикоз және басқа да ауруларға арналған дәрі-дәрмектер, жақпа майлар, тұнбалар әзірленіп, науқастарды емдеуде жоғары көрсеткішке ие болып келеді.
Қаншама жанның дертіне шипа болған «Gul_dy» медицина орталығының түп негізі үлкен бір тарих. Орталық қабырғасының қалануы бесмыңжылдық тарихы бар Шығыс медицинасынан бастау алған. Тамыры тереңде жатқан медицина орталығының негізін қалаушылардың бұған дейін де атқарып жүрген жұмыстары өз алдына бөлек бір дүние.
Ал қазіргі «Gul_dy»-дің мағынасы «гүлдей құлпыру». Орталыққа бас сұққан әрбір жанның жаны да жүзі де жадырап «асқақ көңілде жазылып шықса», – деген ниетте қойылған.
⠀
Әрі бұл бұл атау орталық негізін қалаушы Гүлмира ханымның есімімен сәйкестендірілген «сәтті қойылған атау» десек те болады. Жаны да өзі де нәзік ақ халатты абзал жан Гүлмира Серік Синьцзян Медициналық университетінде 9-жыл оқып, бітірген. Одан әрі дәстүрлі медицина білім беру саласының Шөп дәрілермен емдеу университетінде төрт жыл білім алып, тәмамдаған.
Оған қосымша «Yn tu» ажарландыру орталығында да қосымша білім алып, бұл салада да білімін жетілдірген білікті маман. Жан-жақты дамуды мақсат тұтқан Гүлмира Серік бүгінде орталықта емделушілердің разылығына бөленіп жүрген нәзік жан.
⠀
«Алма ағашынан ұзаққа түспейді», – демекші, анасы Камария Нұржауқызының да басты арман-тілегі осы еді. Бас дәрігер қызының бұл саладағы жетістіктеріне анасы емес, ұстазы ретінде жоғарыдан қарап, әділ бағасын беруден тайған емес. Сондай-ақ, анасының Гүлмираға бас дәрігер ретінде берер бағасы да жаман емес.
Ендеше, болашағынан зор үміт күттірер «Gul_dy-дің» гүл қызы Гүлмирадан кеңес алып, нәзік қолынан дертіңізге шипа болар ем алам десеңіздер, мархаббат!