Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.1 C
Nur-Sultan
36.6 C
Almaty
38.1 C
Shymkent

«Міржақып. Оян, қазақ!» отандық комедиялар мен шетелдік фильмдерді басып озып, 107 миллион касса жинады

Танымал

Ел аузында

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі комедиялық фильмдерді басып озып, бірнеше миллион касса жинады, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Мәдени және спорттық шараларға билет сатуға арналған Тикетон платформасының мәліметінше, өткен аптаның қорытындысы бойынша, «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі бірінші орынды иеленді. 

Яғни фильм 107 067 000 теңге касса жинап, бірінші орынға шыққан. Екінші орында отандық комедиялық фильм – CocoJanbo (62 572 000 теңге), үштікте – «Изгоняющий дьявола: верующий» фильмі (45 371 000 теңге). 

Фото: instagram.com/ticketonkz

Еске салайық, 6 қазанда «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокаттан алынып тасталған болатын. Артынша шығармашылық топ бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Фильм режиссері Мұрат Есжанның сөзінше, фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды.

Қызу талқылаудан кейін «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі қайтадан кинотеатрларға прокатқа шығатын болды. Бұл туралы осы жобалардың бас продюсері Айсәуле Әбілда айтты. Оның сөзінше, көрермен сұранысына байланысты фильм көрсетілімі тағы бір аптаға ұзарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде...