Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
11.2 C
Almaty
15.8 C
Shymkent

«Жалған сараптама тағайындап қойған». Адвокат Төреғалида есірткіге тәуелділік жоқ екенін мәлімдеді

Танымал

Ел аузында

Шу болған әнші Төреғали Төреәлінің қорғаушысы Эльнура Кишкенебаева өнерпаздың есірткіге тәуелділігі жоқ екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Бұл туралы заңгер Дина Төлепбергенге берген сұқбатында әңгімеледі. Көлікті тізгіндеген күні әнші ешқандай есірткі, алкогольді ішімдік қолданбағанын жеткізді.

«Бізде үш сағаттай уақыт болды. Біз Төреғали Төреәлінің қайда екенін білмедік. Біз оны іздеп жүргенде біраз уақытымыз кетті. Ал ол кезде өздері жалған сараптама тағайындап қойғанын білдік. Бірақ біз қанға сараптаманы қайта тапсырып шықтық. Ол кезде қан құрамында ешқандай есірткілік заттар болмады», – дейді адвокат Эльнура Кишкенебаева.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында қорғаушы Төреғали Төреәлі көлік жүргізер кезде одан бұрын қорқор (кальян – еск.) шеккені анықталғанын жеткізді.

«Көлік жүргізерден 1 күн бұрын Төреғалидің кальян шеккені белгілі болды. Бір емес бірнеше. Қандағы бөгде жағдай сол нәрседен шығуы мүмкін деген болжам бар. Бізде сараптамалар тағайындалды. Психология, наркологиялық сараптама тағайындалып, есірткіге тәуелдігі бар ма, жоқ па секілді сұрақтар талқыланды. Сараптаманы қайта тағайындап біз Төреғали Төреәлінің есірткіге ешқандай тәуелділігі жоқ екенін анықтадық», – дейді Эльнура Кишкенебаева.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...