Аягөзде қайғылы оқиға: төрт бала өлі табылды

Танымал

Ел аузында

Абай облысы Аягөз қаласында өрт болып, төрт бала өлі табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түскен. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.
 
Өртсөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. 

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіліп жатыр.
 
Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...