Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Ел жанашырлары қайырымдылық шарасына атсалысты

Танымал

Ел аузында

Соңғы жылдары елімізде ерекше балалары бар аналардың көбейіп бара жатқаны қоғамды алаңдатып отыр. Олар қашан да қоғамның қолдауына, жылы сөзіне зәру. Осы орайда жақында бір топ ел жанашырлары “Аманат” партиясының Жетісу аудандық филиалымен бірге ерекше балалары бар аналарға арнап арнайы қайырымдылық шарасын өткізді.

Аналарымызға сый сияпат жасалып, арнайы әнмен шашу шашып,  Алғыс хат пен төсбелгіге де ие болды. Ерекше баласының күтімімен үйінен де шықпайтын аналар өздеріне арналған құрметті сезініп, алғыстарын жаудырды. Шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болғандардың бірі Алжан Айнұр Әкімжанқызы.

 

Айнұр Әкімжанқызы Түркістан облысы Сайрам ауданының  тумасы С.Ж. Асфендиаров атындағы ұлттық медицина университетінің түлегі , балалар ортопеді, травматолог. Сондай-ақ елімізде Фунгус диагнозын алғашқы болып отасыз емдеген дәрігер. Талай науқастың алғысына бөленген дәрігер сол еңбегі үшін Б.Момышұлының  “Батыр шапағаты” төс белгісінің иегері атанған, Ұлт жанашыры, Ел жанашыры төс белгісінің және “Алтын адам” номинациясының иегері атанған.

Еңбекқор жан кейін өз қабілетін шыңдап, халыққа одан әрі пайдалы болу мақсатында ABYMASSAGE ACADEMY медициналық орталығының да негізін қалаған. Сол жанашырлығығынан болар талай медициналық көмек қажет еткен жандарға тегін көмек көрсетіп келеді. Сол жанашыр көңілінен айнымай “Анаға алғыс” шарасынан да қалыс қалмай, ерекше балалары бар аналардың көңілін табуға да атсалысты.

Өз кәсібін дөңгелетіп, қоғамның мәселесіне де бей жай қарай алмайтын, әрқашан халыққа қамқор Айнұр Әкімжанқызы секілді ел жанашырларының қоғамда маңызы зор!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...