Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Мұтырғановтар әулеті 10 жылдан соң сахнаға қайта оралды

Танымал

Ел аузында

Мұтырғановтар әулеті 10 жылдан соң сахнада қайта өнер көрсетті.

Оның сөзінше, өнерлі әулеттің сахнадан шеттетілуіне Қазақ мемлекеттік циркіндегі басшылық қызметі әсер еткен.

 «Басшылық қызметте болғанда ұжымға кейбір әрекеттеріммен жақпай қалдым. «Сен біздің жүйені құрттың» деді. Содан кейін ол қызметтен кеттім. Менімен қатар әкемді де цирктен шеттетіп тастады. Бірақ Кәрім Мұтырғанов цирк үшін аңызға айналған тұлға ғой. Қарап тұрсаңыздар, Қазақстанда әкемнен басқа цирк әртісін кім біледі? Мұндай адам жоқ. Сондықтан бұл – біз үшін кішігірім жеңіс», – деді ол.

Мұтырғановтар триосының режиссері, педагог, продюсер Кәрім Мұтырғанов әулеттің ерекшелігі туралы айтты.

 «Біз жануарсыз өнер көрсететін алғашқы циркпіз. Бұл жануарларға қарсылықтан емес, керісінше оларды үйретуді оңай емес. 5-6 сағат бойы тапжылмастан жануарлармен өнер көрсететін әріптестеріміз бар. Бірақ басқаларды жануарсыз өнер көрсетуге үгіттеу, ұрандату ойымызда жоқ. Әркімнің өз көрермені бар», – деді ол.

Сондай-ақ, ол цирк бағдарламасына да тоқталды.

 «Цирк бағдарламасында гимнасттар, акробаттар, сиқыршылар, т.б. өнер көрсетеді. Жаңа адамдар қоспадық. Себебі мұны көрермендер қалай қабылдайды деп ойладық. Сондай-ақ, бұрыннан келе жатқан клоундық ойындарымыз бар. Шоуға Қазақстанның түрлі қалаларының әртістері мен Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қатысады», – деді Кәрім Мұтырғанов.

Айта кетейік, Алматыда 25 қазанда Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдық мерейтойына орай бенефисі өтеді. Мұтырғановтар әулеті де сахнаға шығып, көрерменге жаңа нөмірлер ұсынады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...