Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар саны 34-ке жетті

Танымал

Ел аузында

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 34-ге жетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

252 адамның 205-і жер астынан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 28-ге жетті. ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды. 

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев  «АрселорМитталТеміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. 

Енді «АрселорМитталТеміртау» Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді. 

«Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз», – делінген хабарламада. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...