Астанада полиция бақылауы күшейтіліп, блокбекеттер қойылып жатыр

Танымал

Ел аузында

Астана полициясы күшейтілген режимдегі қызметке көшіп, елорданың периметрі бойынша жеті бақылау-өткізу бекеті қойылып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, елордада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін шет мемлекеттер басшылары қатысатын ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты департаменттің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

«31 қазанда сағат 8:00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сондай-ақ Қорғалжын, Астраханка кенттері бағыты бойынша және халықаралық әуежайға кіреберісте (қала жағынан) азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін блокбекеттер қойылып жатыр», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...