Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.3 C
Nur-Sultan
29.8 C
Almaty
33.3 C
Shymkent

Түркістандық полицей мен оның шәкірті әлем чемпионатының жеңімпаздары

Танымал

Ел аузында

Грузия мемлекеті Тбилиси қаласында 20-дан астам мемлекеттен барған 800-ден аса спортшы жиналған әлемдік жарыс өтуде. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің Оқу-жаттығу взводының инспекторы Жәнібек Айдарбек те қатысуда. Ол мықтылар бақ сынаған сайыста айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Яғни 80 келіде жекпе-жектен сайысқа түскен Жәнібек, 5 кездесу жасап, финалда Молдова спортшысын жеңді. Нәтижесінде жүлделі І-орынды иеленіп, қанжығасын алтынмен толықтырды.

Айта кетсек, полиция капитаны Жәнібек Айдарбек 13 жылдан бері «Самбо» күресімен айналысып келеді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Азия чемпионы атағын алған.

Сондай-ақ аталған жарысқа Жәнібектің шәкірті Арнұр Анаш есімді жас жігіт 50 келі салмақта қатысып, жекпе-жектен ІІ-орын алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ауғанстаннан «Диуани Хикметтің» беймәлім қолжазбасы табылған

Ауғанстаннан табылған «Диуани Хикметтің» бұрын белгісіз қолжазбасы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жаңа қырынан танытқан. XVIII ғасырдың соңында көшірілген бұл нұсқада...