Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Сіз білдіңіз бе? Бұл тағамдарды күзде міндетті түрде жеу керек

Танымал

Ел аузында

Күз келіп, күн суыта бастағанда адамдардың денсаулығы сыр бере бастайды. Бұл кезде ең бастысы пайдалы тағамдарды жеу керек. Дәрігер-терапевт, диетолог Елена Тихомирова күзд мезгіліндегі ең пайдалы үш өнімін атады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

«Диетаға асқабақ қосқан жөн. Өйткені оның құрамында талшық көп. «100 грамм асқабақтың құрамында А дәруменінің күнделікті мөлшері бар, ол гормондарды өндіруге қажет, сонымен қатар көру мен иммунитетке пайдалы», – дейді дәрігер.

Сондай-ақ дәрігер қызылша пайдалы күзгі көкөніс болады дейді. Диетологтың айтуынша, бұл көкөністің негізгі құндылығы – оны күлгін түске бояйтын антоцианиндер. Тихомирова антоцианиндер денеге бос радикалдармен күресуге, бос радикалды тотығуды тоқтатуға, сондай-ақ стресспен күресуге және қартаю процестерін бәсеңдетуге көмектесетінін айтты.

Диетолог бұл тізімге қырыққабатты қосуды да ұйғарды. Қырыққабаттың барлық түрлерінде әйелдердің сүт безі қатерлі ісігінің дамуына кедергі келтіретін заттар бар дейді ол. Сонымен қатар, ақ қырыққабатта шырышты қабықтарды емдейтін қасиеті бар U дәрумені бар. Сондай-ақ, бұл гастрит пен асқазан жарасының өршуінің алдын алу үшін таптырмас көкөніс.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ВАШИНГТОНДА OXFORD QAZAQ DICTIONARY СӨЗДІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН: тіл, мәдениет және ұлттық бірегейлік 22 қазанда Вашинтондағы Джорджтаун университетінде қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды. Джорджтаун...