Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Алматы облысында 7 жастағы қызды зорламақ болған педофил бостандықта жүр – Дина Таңсәрі

Танымал

Ел аузында

Қоғам белсендісі, «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Алматы облысында болған жантүршігерлік жайт туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Дина Таңсәріден ауыл тұрғындары көмек сұрап, хат жазған. 

«Ауылымызда кішкентай қызды зорламақ болған педофил ұсталды. Бірақ ол педофилді босатып жіберіпті. Енді соны бүкіл ауыл болып қайта ұсталуын талап етіп жатырмыз. Бізге сізден көмек керек болып тұр. Осыны көтеріп берсеңіз дұрыс болар еді. Біз сол педофилдің ұсталғанын қалап отырмыз. Себебі бұл оның бірінші тірлігі емес. Екінші рет болып тұр. Алматы облысы, Жамбыл ауданы. Педофил заңнан сытылып, тағы да бостандыққа шығып кете ме деп қыздың әкесі қорқып отыр. Бұл жағдай бірінші рет емес екен», – дейді хат жазған адам. 

Дина Таңсәрі Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция департаментіне үндеу жасап, бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтауды сұрады.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...