Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

«Болашақ» бағдарламасы эмиграция құралына айналды – сенатор

Танымал

Ел аузында

«Болашақ» бағдарламасына бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалып, ол эмиграция құралына айналды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттық сауалы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолданды.

Сенатор «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі жағынан тиісті үйлестірудің болмауынан шетелде кадрларды даярлауға мен олардың біліктілігін арттыруға бөлінген қаражат тиімсіз игерілген немесе жымқырылғанын болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Стипендиаттардың еңбек етуі мен оларды оқытуға жұмсалған бюджет қаржысын өтеуге мониторинг жүргізетін тиімді тетік жоқ. «Болашақ» түлектері халықаралық стипендияны беруге арналған үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес Қазақстанға оралу және мамандығы бойынша үздіксіз еңбек ету туралы талаптарды кейбір жағдайда бұзып келеді. Осындай 1 мың дерек тіркелді», – деді Андрей Лукин.

Ол мемлекетке 6,6 млрд теңге сомасындағы берешек барын айтты. Оның пікірінше, бүгінде аталған бағдарлама эмиграция құралына айналған.

«Бұл деректер оқытудың мақсатсыз бағыттарын көрсетіп отыр. Шетелде оқытылған мамандық пайдаланылмай жатыр. Бұл жоба жекелеген жағдайларда эмиграция құралына айналды, 270 түлек шетелде қалды. Сонымен қатар, жоба оқу туризміне айналған. Орталық іс жүзінде еңбек нарығының нақты қажетіне сәйкес шетелде мамандар даярлауды ұйымдастыру деңгейінің төмендігін көрсетіп отыр. Бұған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың болмауы, салалық министрлік жағынан тиісті үйлестірудің жоқтығы себеп», – деді сенатор.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...