Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Алматылық оқушылар Бали қаласында халықаралық жобада жеңіске жетті

Танымал

Ел аузында

Индонезия мемлекеті Бали қаласында оқушылар арасындағы «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі өтуде. Көрме мақсаты – ғылымды кеңінен насихаттау, соның ішінде шет елдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.

Аталмыш халықаралық жобаға Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен №24 лицей оқушысы Халбай Дияр және №178 мамандандырылған лицей оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысуда. Ажар мен Тоғжан әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрініп алтын медаль иегері атанды. Ғылыми жетекшілері: Жұмабай Ф.М., Бақытжан Н.

Оқушылардың қорғап жатқан жобасы Мырыш қаптамасының коррозияға тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Жұмыстың мақсаты металл конструкциялар мен бұйымдарды коррозиядан қорғау үшін құрамында титан диоксиді бар композициялы мырыш жабынын алу. Қазіргі таңда металды коррозиядан қорғаудың негізгі әдісі – қорғаныс жабындарын жасау. Солардың ішінде мырышпен қаптау кеңінен таралған. Мырыш жабындарының қорғаныш қасиеттерін оның құрамына әртүрлі дисперсті бөлшектерді қосу арқылы жақсартуға болады. Осы мақсатта мырыш матрицасына дисперсті титан диоксидін енгізу арқылы коррозияға айтарлықтай төзімді жабындарды электрохимиялық жолмен алу қарастырылады. Алматылық мектеп оқушыларының ISIF – 2023 қатысу мүмкіндігі үшін «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы» ММ-не алғысымызды білдіреміз.

Алматылық оқушыларымызға сәттілік серік болып, алдағы уақытта да әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...