Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Сау жері болмады». Салтанат Нүкенованың туыстары істі тергеуге қатысты алаңдаушылық білдірді

Танымал

Ел аузында

Астанадағы мейрамханалардың бірінде адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың туыстары іс туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық іс қозғалғалы бірнеше күн ішінде үш тергеуші ауысқаны белгілі болды. Бұл туралы марқұмның туыстары Instagram-да жазды.

«Желіде жалған жазбалар мен пікірлердің пайда болуына байланысты, «басып тастауға» немесе жағдайды жеңілдертуге тырысып жатыр ма деген ой пайда болады. Іс қозғалғаннан бері үш тергеуші ауысты, қандай себеппен екені белгісіз, бұл күдік тудырады. Бұл ретте ескі тергеушілер жаңасының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді», – деп жазады марқұмның туысы.

 Салтанат Нүкенованың туыстары адал тергеу жүргізуді сұрады.

«Өкінішке қарай, орны толмас қазаға қайғырудың орнына, өзімізді қолға алып, өтіріктен қорғануға тура келіп отыр», – делінген жазбада.

Марқұмның туыстары айыпталушы тарап бәрін өз пайдасына қолдана ма деп қорқатынын жеткізді.

«Оның сау жері болмады. Бізде мәйіттің суреті мен видеосы бар, егер көрсеңіз, бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екеніне күмәнданбас едіңіздер. Адал тергеу жүргізіп, сіңіліме жасалған аяусыз зорлықты ақтауға тырыспауды сұраймын», – деп жазды қыз.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол – Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...