Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Түшкіруді тежеудің 6 қорқынышты салдары

Танымал

Ел аузында

Әдетте көпшілік алдында дауыстап түшкіру әдепсіздіктің белгісі болып көрінеді. Бірақ, дәрігерлер түшкіргіңіз келіп тұрса, өзіңізді ұстамауға кеңес берді, әйтпесе денсаулыққа ауыр зардап тигізуі мүмкін, – деп хабарлайды doctorpiter.

Тамақ жарақаты

2018 жылы ұлыбританиялық ер адам түшкіруін басып, тамағын жыртып алған. Бұл мүмкін еместей естілгенімен, шын мәнінде, түшкіру кезінде аузымызды немесе мұрнымызды жапқанда, тыныс алу жолдарының қысымы әдеттегі түшкіруден 5-20 есе артады.

Жігіт шұғыл ауруханаға жатқызылып, бір апта бойы түтік арқылы тамақтандырылған. Жазылғаннан кейін дәрігерлер оған сұйық тамақтарды тұтынуды, сонымен қатар түшкіру кезінде мұрынды жаппауға кеңес берген.

Ұсақ қан тамырлардың жарылуы және беттегі дақ

Түшкіру қатты қысым тудырады. Бірақ біз түшкірудің шығуына жол бермейтіндіктен, қысым дененің басқа бөліктеріне түседі. Салдарынан түшкірмеуге тырысу көздегі және мұрындағы ұсақ тамырлардың жарылуына әкелуі мүмкін.
 

«Көз алмасында қызыл дақ немесе мұрыннан аздап қан кетуі мүмкін. Сонымен қатар, беттегі ұсақ тамырлардың жарылуына байланысты қызыл дақтар пайда болады», – дейді америкалық отоларинголог Джейсон Абрамовиц.

Құлақ қалқанының жарылуы

Мұрынның қысымы жоғарылағанда, ол евстахия түтіктері арқылы құлаққа да түседі. Сондықтан кейде құлақ қалқанының жарылуы да кездеседі. Әдетте, мұндай жарақат емсіз бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ адам есту қабілетінен айрылу қаупі бар.

Ортаңғы құлақтың инфекциясы

Түшкіру арқылы біздің денеміз мұрын мен тамақты шаң, тозаң және микробтардан тазартады. Он мыңдаған тамшылар 160 км/сағ жылдамдықпен мұрыннан шығарылады. Егер бұл процесс тежелсе, вирус немесе бактерияға толы барлық шырыш мұрыннан евстахия түтіктері арқылы құлаққа түсуі мүмкін.

Аневризма

Case Reports in Neurological Medicine ғылыми журналы түшкіру ми тамырларының аневризмасын қоздыратынын жазған. Аневризма жарылған кезде геморрагиялық инсульт пайда болатындықтан, бұл өте қауіпті.

Кеудедегі ауырсыну

Кейде түшкіруді тежегенде кеудеңізді ыңғайсыздық сезінуіңіз мүмкін. Мұның себебі диафрагма қатты қысымға ұшырағандықтан. Шетелдік басылым 15 жастағы бала сәтсіз түшкіруден кейін екі жақты өздігінен пневмоторакс-плевра қуысында ауа жиналуы қалай дамығанын хабарлаған. Бұл жағдай кеудедегі ауырсынумен және тыныс алудың қиындауымен көрінеді.

Сондықтан дәрігерлер денсаулығыңыз үшін түшкіріңіз дейді. Бірақ егер ортада бос түшкіре алмасаңыз, танауыңызды қатты қыспауға тырысыңыз, бұл басқа органдарға қысымды төмендетеді.

Айта кетейік, бұған дейін адамдардың неліктен әртүрлі түшкіретіні хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...