Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«AYALA» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ

Танымал

Ел аузында

«AYALA»қайырымдылық қоры балаларға көмек көрсету үшін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады.

Балалар — бұл қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының басты бенефициарлары, бұл олардың өмір сүру сапасын сақтауға және жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуге және білім алуға көмектесуге бағытталған қор.

Бұл қор қайырымдылық бағдарламаларына қаражат жинауды ұйымдастырады, ол қаражат  өткір әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектеседі:

  • Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектігін қысқарту
  • Қазақстанның балалар ауруханаларының, перинаталдық орталықтарының және перзентханаларының дәрігерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көмек көрсету
  • Қазақстандық балалар үйлері мен мектеп-интернаттарға, оның ішінде тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдарлау саласында көмек көрсету
  • Көру, есту, ментальды кемістігі бар мүмкіндігі шектеулі балаларға түзеу арқылы оқытуда және әлеуметтік бейімделуде көмек көрсету

«AYALA» қайырымдылық қоры Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор Қазақстанда жұмыс істейтін ірі компаниялардан демеушілік көмек ретінде, сондай-ақ жеке тұлғалардан қайырымдылық қаражаты түрінде 3,3 млрд. теңгеден астам қаражат тарта алды. Бұл қаражатқа еліміздің 66 қаласы мен елді мекендерінде 242 мемлекеттік балалар денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне көмек көрсетті. «Тыныс ал, сәби», «Өмірге дем берейік» және «Мен де өмір сүргім келеді» сияқты жобалардың арқасында ондаған мың балалардың өмірі сақталды. Балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының мыңдаған тәрбиеленушілері әлеуметтік бейімделуге және өмір мен кәсіпте пайдалы дағдыларды үйретуге көмек алды.

Аталмыш қор Қазақстандағы ірі компаниялармен де бірлесіп, әлуметтік жобаларды қолға алған. Мысалы, еліміздегі біраз жобаға демеуші болған – Шеврон компаниясы. «Шеврон» компаниясының өкілі, әлеуметтік инвестициялар жөніндегі үйлестіруші Жанар Қошпанованың айтуынша, «Шеврон» компаниясы 2007 жылдан бері AYALA қорымен ынтымақтасып келеді. «Осы уақыт ішінде біз сәбилер өлімін азайту және ерте мүгедектіктің алдын алу бойынша ондаған жобаларды жүзеге асырдық. AYALA қоры Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтау және дер кезінде емдеу бойынша жұмысты алғашқы болып бастағандардың бірі болды. Қордың 2021 жылдан бастап жүргізіп келе жатқан кешенді және жүйелі жұмыстарының арқасында көру қабілеті балалар бойынша мүгедектігі мен балалар соқырлығы бойынша көрсеткіштер айтарлықтай төмендеді. Біз бүгін Ана мен бала ұлттық орталығына беретін офтальмологиялық жабдықтар жиынтығы сәбилерге әлемді барлық бейнесімен көруге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – деп атап өтті Қошпанова ханым.

Қор айқын, тұрақты және ашық жұмыс істейді. Балалардың денсаулығын сақтау және білім беру саласындағы проблемаларды шешудің жүйелі тәсілі  қордың жұмысының басты қағидаты.
Қайырымдылық жобаларды іске асыру кезіндегі қордың жұмысының алгоритмі:

  • Проблеманы анықтайды
  • Көмек алушылардың қажеттіліктері туралы ақпарат жинайды
  • Алынған деректерді Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және әлеуметтік қорғау министрліктерімен және өңірлік басқармаларымен келіседі
  • Бюджетті жасаймыз және жобаны ресімдейді
  • Демеушілерді іздейді
  • Жеткізушілерді іздестіреді және олармен шарт жасайды
  • Жобаны іске асырады — жабдықтарды жеткізуді жүзеге асырады, тапсыру рәсімін ұйымдастырады, БАҚ-ты шақырады
  • Демеушіге қаржылық есеп береді

«Өкінішке қарай, Қазақстанда мүгедек балалардың саны артып келе жатыр. Кейінгі бес жылда бұл сан екі есеге артып, 100 мыңнан асып кетті. Бұл дегеніңіз – шағын бір қаланың халқына тең. Баланың өмірін сақтап қалу өте маңызды, бірақ одан да маңыздысы – оның денінің сау болуы. Сондықтан бірнеше жылдан бері біз балалар реанимациясын балалар-дың мүгедектігін азайтуға көмектесетін құрал-жабдықтармен және емдеу технологияларымен қамтамасыз етіп жүрміз, – дейді Айдан Сүлейменова. – Осыған орай елімізде автоматтандырылған гипотер-мия аппараттары пайда болды. 2017 жылдан бастап олар қор оқытқан дәрігерлердің қолымен 200-ден астам баланың өмірі мен ақыл-есін сақтап қалды. Өткен жылдан бастап ретинопатиямен шала туған нәрестелердің көру қабілетін сақтау жұмысына белсене араласып жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігімен бірқатар кездесу өткізіп, осы ауруды Дәрі-дәрмекпен емдеу жөніндегі хаттаманы іске асыруға қосылдық. Көздің торын коагуляциялауға арналған төрт лазерлік қондырғы мен екі офтальмоскоп сатып алдық. Офтальмолог дәрігерлерге тегін бейнекурстар түсіруді жоспарлауда. Алты ретиналдық камера мен 11 офтальмоскоп сатып алу үшін демеушілермен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл алдағы үш жылда ретинопатиясы бар жаңа туған нәрестелерде көру қабілеті бойынша мүгедектіктің айтарлықтай төмендеуіне әкелуге тиіс».

«Аяла» қайырымдылық қорының балалар денсаулығын нығайтуға қосқан үлесі- тұтас қоғамның жетістігі.Көп түкірсе көл демекші , жұмылған жұдырықтай болып жиналған мейірімді халықтың арқасында қаншама бейкүнә балақайлар өз дерттерінен айығып , түрлі түске толы өмірлерін әрі қарай жалғастырып жатыр.

Хожалепес Ерсұлтан, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, Компьютерлік технологиялар кафедрасы, Медиажурналистика мамардығының 2-курс студенті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...