Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Арзан ыдыс-аяқ алып беремін». Маңғыстаулық әйел тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кетті

Танымал

Ел аузында

Маңғыстау облыстық полиция бөлімшесіне 250-ге жуық арыз түсіп, арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданушылар қатары артып отыр. Ол Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Нұргүл есімді келіншек Whatsapp желісінде топ ашып Қытайдан төмен бағадан ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан. Соның ішінде алаяққа алданған бір ғана адам үш мыңға жуық адамды шақырған. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгені құрап отыр.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің «аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауда алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...