Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Шымкентте бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам түрмеге тоғытылды

Танымал

Ел аузында

Шымкентте бомба туралы жалған хабар таратқан ер адам түрмеге тоғытылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның «102» арнасына қаладағы дәмханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Хабарламаны алған полицейлер дереу оқиға орнына барған. Құқық қорғау органдары мүдделі қызметтермен бірге ғимараттан барлық келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады. Тексеру нәтижесінде қоғамдық тамақтану мекемесінен жарылғыш зат табылмаған.

Тергеушілер жалған терроризм жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері бомба туралы хабарлаған ер адамды анықтап, ұстады. Ол 1974 жылы туған Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Сотта азамат ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қауіпті қылмыс болып табылатынын және 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не 5 жылға бас бостандығынан айыруға немесе шектеуге әкеп соғатынын ескертеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...