Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың асында сөз сөйледі.
Бұл туралы журналистерге астан шыққан Мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары Бүркіт Аяған айтты.
– Ол (Болат Назарбаев) біздің кенжеміз еді. Қолымызда өскен. Ал қазіргі заман жайлы айтар болсақ, әркім әртүрлі айтып жатқанын білемін, бірақ мен қолымнан келгенінің бәрін істедім. Соғыссыз елді аман-сау алып өттік деді, – деген Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласында Болат Назарбаевтың асы берілді.
Оған Мырзатай Жолдасбеков бастаған ескі жүйеде билікте отырған ығайлар мен сығайлар қатысты.