Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қаржы министрлігі электронды темекі импортына шектеу қоюды ұсынды

Танымал

Ел аузында

Қаржы министрлігі электронды шылым импортына шектеу қоюды ұсынғын. Бұған дейін Денсаулық министрлігі электронды шылым құрылғысының техникалық талаптарын күшейту керектігін айтқан болатын, деп хабарлайды КТК арнасы.

«2021 жылдың сәуірінен бастап тауарларды таңбалау жүріп жатыр. Бұл электронды темекі айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Қазір проблемалы сұрақ бар, бұл – жауапкершілік орнату. Жақын арада электронды темекі импорты үшін жауапкершілік енгізу мәселесін ұсынғалы отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шылымдардың айналымын шектеу үшін арнайы қойылатын талаптарды күшейтпекші», – деп мәлімдеді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.

Құжат мемлекеттік органдарға мақұлдауға берілген, алайда шенеуніктер нақты мәлімет айтпады. Қазір бір реттік электронды шылымға толық тыйым салу мәселесі де қаралып жатыр. Айта кету керек, елімізде темекі қыздыруға арналған кез келген құрылғы қарапайым шылымға теңестірілген. Мамандардың айтуынша, құрылғылар денсаулыққа кері әсер етеді және тәуелділікке алып келеді екен. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...