Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тағы бір айып тағылды

Танымал

Ел аузында

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тағы бір айып тағылды. Бұрынғы шенеунік тағы да сотталушылар орындығында, елордада сот отырыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша Мұхамедиұлы Ұлттық цифрлық киноколлекция және басқа да жобаларға жұмсалған қаражыны жымқыру әрекетін ұйымдастырған. Сондай-ақ, оған республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін жекешелендірді деген айып тағылды. Залалдың жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асады.

«2017 жылдың басында Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі деген жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, қызмет жағдайын пайдакүнемдік мақсатта пайдаланды және мемлекеттік аппаратта байланыстары болып, «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақтың мәдени мұрасын сақтау, зерделеу және дәріптеу, мұрағат ісін іске асыруды дамыту» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы жымқыру әрекетін ұйымдастырды», – деді прокурор Олжас Хайроллаев.

Айта кетейік, бұрынғы министр Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 249-бабы 1-бөлігі (рейдерлік әрекетке оқталу), 28-бабы 3-бөлігі, 250-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Осылайша экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...