Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

29 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
40.3 C
Shymkent

Тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ету қаншалық заңды?

Танымал

Ел аузында

Мобильді аударымға шектеу қойылып, ережелері өзгергеннен бастап еліміздегі кәсіп иелері тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етіп жатыр. Қазақстандықтарға мұның қаншалық заңды екені қызық. Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді , – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 25-бабында көрсетілген нормаларға сәйкес түрлі төлем тәсілдері қарастырылған, олар банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша.

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәліметіне сәйкес, заң нормаларына сай төлем тәсілін қабылдаудан бас тарту заңсыз.

«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз және тұтынушылардың құқығын бұзады. Кәсіпкерлер төлем карточкасы арқылы төлемді қабылдаудан бас тартса, бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал заңды қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы)», – делінген жазбада.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкер заңға бағынбаған жағдайда қайда жүгінуге болатынын жеткізді.

«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет», – деді Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін елдегі мобильді аударымдарға қатысты маңызды сұрақтардың жауабы хабарланған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

2025 жылы «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды

«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылындағы битумның биржалық сауда-саттық нәтижелерін ұсынды. Жарияланған талдау баяндамасына сәйкес, бұл кезеңде...