Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Атап айтқанда, Жамбыл облысында 1 учаске: «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) – 79 шақырым. Жетісу облысында 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым. Батыс Қазақстан облысында 2 учаске: «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы – РФ шекарасы – 100 шақырым. «Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы – Орал қаласы – 51 шақырым», – делінген хабарламада.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау үшін 373 арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылды.