Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Алматыда лай көшкіні кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Алматыда лай көшкіні кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, Алматыда жедел штаб құрылған. Қазір тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

«Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен ғимараттың зақымдалуы салдарынан алдын ала ақпарат бойынша қаза тапқан ер адамның денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...