Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Пәтер иесі пәтерді жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме?

Танымал

Ел аузында

Пәтерді жалға беру – бизнестің кең тараған түрі. Пәтерді жалға алған кезде оған тіркелу міндетті ме? Пәтер иесі тіркелуге рұқсат бермесе, не істеу керек? Бұл сұрақтарға заңгер Надежда Гельдт жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» заңы бойынша ішкі көшіп-қонушылар – Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстырған жеке адамдар. Мысалы, азамат Астанадан Алматыға уақытша көшіп келсе немесе жұмыс істеуге келсе, ол ішкі көшіп-қонушы болып саналады.

«Бұл Заңның 51-бабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті», – дейді Надежда Гельдт.

Пәтер иесі физикалық тұлғаны тіркеусіз тұрғызса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл жағдайда пәтер иесі мынадай сомада айыппұл төлеуге міндетті:

Физикалық тұлға – 10 МРП (36 920 теңге);
Кәсіпкерлік субъектілері – бизнес субъектісінің түріне қарай 15 МРП-ден 50 МРП-ге дейін (55 380 теңгеден 198 100 теңгеге дейін).

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Карасайском районе впервые проведена высокотехнологичная ревизионная операция на тазобедренном суставе

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице Алматинской области проведена успешная высокотехнологичная операция по ревизионной замене тазобедренного сустава. Пациент...