Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 4 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы 4 қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 19 ақпанда Қостанай, Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында...