Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Қазақстанда жайлы мектептер салуға бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда жайлы мектептер салуға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушылар орны тапшылығын шешуге, апатты мектептер мен үш ауысымда оқытуды жоюға бағытталған.

Шенеуніктің айтуынша, 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланған. Биыл 217 мектеп есігін айқара ашады. Оның үстіне 163-і ауылдық жерлерде салынады.

«Ұлттық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінді: 2023 жылға – 500 миллиард теңге, 2024 жылға – 976,3 миллиард теңге, 2025 жылға – 909,4 миллиард теңге», – деді Бейсембаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...