Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қазақстанда балаларға «Спутник M» вакцинасы салына ма?

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаменті мәліметінше, күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник V» («Гам-КОВИД-Вак-М») балаларға арналған вакцинаны сатып алу және қолдану туралы жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаменті мәліметінше, күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында «Спутник V» («Гам-КОВИД-Вак-М») вакцинасымен балаларды вакциналауға қатысты ресми деректер жоқ. Сонымен қатар, Pfizer шығаратын вакцинаны жеткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау үшін елге барлығы 4 миллионға жуық доза жеткізіледі, бұл 2 миллион адамды вакциналауға жеткілікті», – деп Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Tengrinews.kz ресми сауалына жауап берді.

Бұған дейін «Спутника V» әзірлеушісі коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркелгенін жариялаған болатын. Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург қазір мамандар дәріге фармакологиялық сараптама жүргізіп жатқанын айтты. Гамалея орталығы әзірлеген балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина «Спутник М» деп аталуы мүмкін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...