Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
11.5 C
Almaty
11.8 C
Shymkent

Мәскеудегі теракт: лаңкестерді қаржыландырған күдікті ұсталды

Танымал

Ел аузында

23 наурызға қараған түні Мәскеуде ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде теракт болды. Бұл оқиғаға қатысты жаңа деректер шығып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейдің тергеу комитеті мәліметінше, лаңкестерді қаржыландыру схемасына қатысқан тағы бір күдікті анықталып, ұсталған. 

«Тергеудің бастапқы нәтижелері террористік әрекеттер жоспарланғанын, қылмысты ұйымдастырушылардың мұқият дайындығы мен қаржылық қолдауы болғанын толық растайды», – деп жазылған Тергеу комитеті мәліметінде.

Еске салайық, 23 наурызға қараған түні ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.

Оқиға салдарынан 140-тан аса адам қаза тапты.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәскеудегі терактке қатысты күдіктілер, олардың сыбайластары болуы мүмкін адамдар, күмәнді жазбалар жазған суретші ұсталды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...