Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23.8 C
Nur-Sultan
25.7 C
Almaty
33.5 C
Shymkent

Алматылық жастар соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттері мен сыйлықтар табыстады

Танымал

Ел аузында

Бүгін қаламыздың белсенді жастары соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, үйлеріне барып азық-түлік себеттері мен сыйлықтар табыстады.

– Ардагерлеріміздің ұлы ерлігін әрбір қазақстандық құрметтеп, есте сақтауы керек. Бізге ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге алғыс айтудан шаршамаймыз. Қарттарға қамқорлық көрсету – біздің ортақ міндетіміз. Ардагерлерімізге тек 9 мамырда ғана емес, күнде құрмет көрсетсек те артық етпейді,- дейді белсенді жастар.

Кездесуде жастар ардагерлердің әңгімесін тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, батасын алды. Айта кетейік, Алматылық волонтерлер аталмыш шараны ай сайын жүйелі түрде өткізіп тұрады.

Аталған шарада еріктілерге «Kex Group» компаниясы сыйлықтарға  қаржылай қолдау көрсетіп, демеуші болып қатысты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...