Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Жайылымның 90 пайызын дерлік су басады». Павлодар облысына шығыстан қауіп төніп тұр

Танымал

Ел аузында

Ертіс тасыса Павлодар облысындағы өзенді жағалай қонған төрт ауданға қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті өңір билігі шығыстағы су қоймаларынан келетін суды қабылдауға дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Аймақ Бұқтырма мен Шүлбі су қоймаларынан жоспарлы түрде табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін суды қабылдауға дайындалуда. Биыл соңғы 11 жылда болмаған ең үлкен көлемде су күтілуде – 6,5 млрд текше метрден астам. Жайылымның 90%-ын дерлік су басады», – дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Қазіргі таңда жергілікті төтенше жағдай қызметімен бірлесіп барлық бөгеттерді тексеріп жатыр. Су басу ықтималдығы жоғары Кенжекөл ауылы, Атамекен кенті және Май, Ақтоғай, Тереңкөл және Аққулы аудандарында арық пен аңғарларды тазалау, жағалауды бекіту жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Ертіс өзеніне шығыстағы су қоймаларынан белгіленген кестеде аз мөлшерде су босатылып жайылым 32%-ға ғана суға толды. Салдарынан шабындық құрғап керекулік шаруалар күзде шөптен тарыққан.

Е.Базарқұл

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...