Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Танымал

Ел аузында

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында «Jas niet» акциясын өткізді. Акция мақсаты – жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жеке секторда тұратын ерекше қажеттіліктері бар қарттардың аулаларын тазалауға көмек көрсету.

Іс-шара аясында жастар зейнеткерлердің үй аумағын ретке келтіріп, қоршауларын бояп, ағаштарды ағартуға және басқа да шаруашылық жұмыстарына жәрдемдесті. Нәтижесінде 20-ға жуық волонтер 2 күнде 16 үйдің  шаруашылығына көмектесіп, үлкендердің алғыстарына бөленді.

Волонтерлердің айтуынша, мұндай акциялар қарияларға құрмет көрсетудің бір белгісі дейді.

–  Мұндай  ақцияларды Алматы жастары жиі өткізіп тұрады. Жалғыз тұратын және көмеккке мұқтаж қарияларға көмек көрсету біздің міндетіміз деп білеміз. Акция аясында біз тек аулаларды ретке келтіріп қана қоймай, сонымен қатар зейнеткерлер үшін азық-түлік жиынтықтары мен шайға тәттілер түрінде шағын сыйлықтар алып келдік, – дейді Зере Мақсұтхан.

Айта кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Барлық аурудың емі – адамның миында». Психосоматика мамандары қауымдастығының II съезі өтті

Алматыда "Психосоматика мамандары қауымдастығының" психоматиканы ғылым арқылы ашуға арналған екінші съезі өтті. Съездің негізгі міндеті - психосоматиканы ғылым тұрғысынан...