Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8.7 C
Nur-Sultan
10.4 C
Almaty
15.1 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

«Delta» демалыс орталығы Сейфуллин атындағы саябақта эко акция өткізді

Танымал

Ел аузында

2024 жылдың 13 сәуірінде сағат 15:00-де Алматы қаласының Түрксіб ауданында Сейфуллин атындағы саябақта «Delta» демалыс орталығының тәрбиеленушілері ұйымдастырған экологиялық акция өтті. Ұйымдастырушылар атап өткендей, акция саябақ аумағын тазалап қана қоймай, жастар арасында экология мәселелеріне де назар аударуға арналған.

Акцияға 50-ден астам жас белсенділер қатысты. Іс-шара қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және жасөспірімдерде экологиялық сананы тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

«Біз барлық қатысушыларға белсенділігі мен қаланы таза әрі жақсырақ етуге деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз. Сіздің көрсетер үлгіңіз айналаңыздағы адамдарды күн сайын табиғатқа қамқорлық жасауға шабыттандырады және ынталандырады. Біздің ортақ үйіміз – Жер планетасы үшін көбірек жұмыс атқару үшін болашақта болатын акцияларымызға қосылыңыз!»,– деп атап өтті акцияға қатысушылардың бірі.

Айта кету керек, қала жастары үнемі осындай экологиялық акциялар өткізеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы кезекті жұмысын тәмамдады

         Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби...