Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Наурызда ұлттық дәстүр ұлықталды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының тапсырмасы бойынша Наурызбай ауданында Алматы қаласының зейнеткерлеріне наурыз тойы тойланды.

«Соматикалық бұзылыстары бар зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды қалпына келтіру үшін күндізгі күтім көрсету» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты Алматы қаласындағы зейнеткердің денсаулығын жақсартуға, белсенді өмір сүру дағдыларын үйретуге ұйытқы болу. Егде жастағы азаматтардың бір орталықта араласуына, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету болып табылады.

Осыған орай,  «Соматикалық бұзылыстары бар зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды қалпына келтіру үшін күндізгі күтім көрсету» жобасына жүгінген жандарға арнап әз Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Наурыз – жыл басы. Бұл ұлық мереке қазақтың салт-дәстүрін ұлықтаудың, қазақы құндылықтарды дәріптеп, ұлттық ойындар мен ұлттық ән-билерді насихаттаудың мүмкіндігі.

Біз де зейнеткерлерге арнап ұйымдастырылған меркелік шарада Наурыз мейрамының мәнін түсіндіріп, қатысушыларға ұлттық ойындарды ойнатып, ұлттық салт-дәстүрден көрініс қойдық. Ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастархан да зейнеткерлер көңілінен шықты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...