Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Алматыны қар басты

3 қарашада сағат 19.00-де Алматы қаласының солтүстік бөлігінен қар жауа бастады.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Тұрғын үй саясаты басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

4 қараша күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қалада 8 см, тау бөктеріндегі аудандарда – 10 см, таулы аудандарда – 15 см қар жауды.

Алматы Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, қар жауа бастағаннан бері 185 құм шашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы 4 200 тонна материал себілген.

Қар тазалау, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды»тазалау жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Түнгі сағат 03.30-дан бастап қар күреу колонналары ұйымдастырылды. Қар жинауға 517 бірлік арнайы техника, оның ішінде 173 құм шашқыш, 165 сыпырушы-жинау техникасы, 52 қар құрсаулаушы, 49 самосвал, 9 автогрейдер және 1400 жол жұмысшылары жұмылдырылды, – деді басқарма өкілі.

Қазір таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағынан жаппай қар шығару таңертеңгі қарбалас шақтан кейін қолға алынған. Оған қоса аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау жөнінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін күндіз қар жауады. Түнде ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 6 градусқа дейін аяз болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...