Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАЗАСЫНДА БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАР ДАЙЫНДАЛУДА

Танымал

Ел аузында

2024 жылдың 10 шілде күні Алмалы ауданының комьюнити орталығында халықаралық жастар қозғалысының жаңа қатысушылары үшін бірегей тағылымдама бастауын алды. Бұл іс-шара жасөспірімдерге қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруда, профилактикалық білім мен дағдыларды үйренуге тамаша мүмкіндік болды.

Тағылымдама бірнеше негізгі кезеңдерді қамтитын қарқынды оқу бағдарламасын қамтыды. Ең алдымен, «TeenergizerQZ» демалыс орталығының тәрбиеленушілерінің кездесуі өтті, онда жаңа қатысушылар профилактикалық білім алды. Содан кейін жасөспірімдер АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу, психикалық әл-ауқат және есірткіні қолданудың алдын алу туралы ақпараттандырылды. Тағы бір маңызды кезең-әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау саласындағы көшбасшы, спикер Мөлдір Албанмен кездесу өз кезегін алды. Үш сағат ішінде Мөлдір Албан қатысушыларға іс-шараларды ұйымдастырудың негіздерін үйретіп, қызығушылық танытқан жандарға қоғамдық іс-шараны ұйымдастырудың рөлдері мен міндеттерін анықтауға көмектесті. Жастар іс-шараның тақырыбы мен форматын өздері таңдады, ал орталық командасы тәлімгерлер мен көмекші рөлінде жастарды бағыттау қызметін атқарды.

Қатысушылар профилактикалық тақырыпта өз іс-шараларын ұсынып, тағылымдамадан сәтті өткені туралы сертификаттар алды. Тағылымдаманың негізгі мақсаты жасөспірімдерге профилактикалық ұғым беру және іс-шараларды ұйымдастыру дағдылары туралы құнды білім беру болды. Бұл олардың өзін-өзі бағалауы мен өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектесіп қана қоймай, оларды қоғамға белсенді қатысуға ынталандырды.

Өз іс-шараларын сәтті жүзеге асырғаннан кейін жасөспірімдер өздерінің әлеуметтік өмірдегі маңыздылығын және қоғамға оң өзгерістер енгізу маңыздылығын сезінді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға осы іс-шараға қосқан үлестері үшін Алғыс білдіреміз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...