Полиция кинотеатрлар мен туристік аймақта тұрғындарға түсіндірме жүргізді

Танымал

Ел аузында

«Адам саудасына қарсы күресте біртұтас!» атты ақпараттық науқаны басталғалы Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – халықты осы қылмыс түрінен сақтануға шақыру, хабардар ету болғандықтан полиция қоғамдық орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Іс-шара облыс орталығындағы кинотеартларда, үлкен сауда орталықтарында, кесене маңы мен туристік аймақта жалғасты.
Адамдар көптеп кездесетін бұл орындарда үлкен экрандар арқылы бейнероликтер көрсетілді, жаднама таратылды. Полиция адам саудасына қатысты құқықтық кеңес берді.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Психикалық денсаулық саласы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер

Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Алимбек Тәжеков өңірдегі қызметтің дамуы мен болашақ жоспарлар туралы әңгімелейді. — Әлімбек Мұхтарұлы, өзіңіз...