Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Панфилов ауданында күрделі оталар жасала бастады

Танымал

Ел аузында

Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының мамандары облыс деңгейінде жасалатын күрделі оталарды жасауды қолға ала бастады. Аурухананың травматология бөлімінде бұрын соңды жасалмаған кіші инвазивті емдеу тәсілі бойынша жасалатын жабық түрдегі «ИНТРАМЕДУЛЯРЛЫ-БЛОКТЫ ОСТЕОСИНТЕЗ» отасы жасалды. Осы уақытқа дейін аталған ота түрі тек облыстық және республикалық деңгейдегі ауруханаларда жасалатын. Аурухана директоры Айдын Молдашұлы ота жасауға қажетті соңғы үлгідегі травматологиялық ортопедиялық аппаратуралар мен құрал-жабдықтар 2024 жылдың шілде айында Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқарамасының қолдауымен 59 млн теңгеге сатып алынғанын айтты.

«Ауруханада мастер-класты арнайы шақыртумен келген Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Жүнісов Ерік Сейсембайұлы жасады. Ендігі кезекте бұндай күрделі ота түрі ауданда жасалатын болады. Тұрғындарға облыс орталығына немесе басқа қалаларға баруға қажеттілік жоқ», – деді Айдын Молдашұлы.

Жоспар бойынша 6 науқасқа ота жасалып, барлығы сәтті аяқталды. Бүгінгі таңда барлық науқастар ауруханадан толық емделіп шықты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...