Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-33 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Ұялы телефондарды ұрлаған күдіктінің ісі сотқа өтті

Танымал

Ел аузында


Күдікті жігіт ұрлық қылмысын алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған болып шықты. Ол телефон сататын дүкенге тұтынушы болып кіріп, өзіне қажетті заттарды алмақшы болған. Оңай олжалы болуды көздеген ер адам сатушының басқа іспен айналысып тұрған сәтін пайдаланып, екі бірдей «Redmi» маркалы ұялы телефондарды жымқырып, дүкеннен ізін суытқан. Содан соң ұрланған телефондарды сатып жіберген.
Тәртіп сақшылары сатылып кеткен ұялы телефондарды анықтап, заңды иесіне тапсырды.
Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тұтынушы құқығы заңмен қорғалған

Әрбір адамның өз құқығын білуі кез келген заңсыздықта өзін қорғаудың басты кепілі саналады. Бұл ретте ол тек өзіне ғана...