Мас халде көлік басқарып екінші рет ұсталды

Танымал

Ел аузында

Түлкібас ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында кешкі сағат 20:30 шамасында жүрісі күдік тудырған «Subaru» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатты. Көлік жүргізушінің құжаттарын тексеріп, медициналық куәландырауға жеткізді.

Анықталғандай, жүргізуші бұл уақытқа дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Медициналық сараптама 38 жастағы ер азаматтың мас халде болғанын растады. Яғни, жүргізуші бұған дейін құқық бұзып, көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом тюркоязычных журналистов и Алматинской региональной многопрофильной клиникой состоялся брифинг для...