Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Ергешов Серік:»Киберпол тобымыз тәжіибелі»

Танымал

Ел аузында

Бүгін Шымкент қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өңірдегі интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтіп жатыр. Аталмыш жиында Шымкент қаласындағы алаяқтық деректеріне қатысты атқарылып жатқан шаралар жан жақты ортаға салынуда. Шымкент қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы айтуынша алаяқтық деректерімен күрес оң нәтиже беріп келеді.

Алаяқтық деректері азайып келеді

Атап айтар болсақ, биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы 686 (2023ж.-786) интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 146 іске азайған көрінеді. Сондай ақ 210 іс өндіріспен аяқталып    (2023ж.-247), 496 істің мерзімі үзіліп (2023ж.-565) қылмыстың ашылу пайызы 29,7 пайызға (2023ж.-30,3) жеткен.

2024 жылдың 10 ай қорытындысымен жалпы 1 млрд 158 млн 764 мың 171 теңге шығын келтірілген, оның 215 млн 075 мың 583 теңгесі өндірілген.

Аталған бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру мақсатында өткен жылы маусым айында Департамент қарамағында «Киберпол» тобы құрылды. Аталмыш топ киберқылмыстарды ашу бағытында жұмыс істейді. Жалпы топта 11 тергеуші, 13 жедел уәкілі және 1 криминалист жұмыс атқарады. Топ мүшелері Айрис, Аргус, Скриптур, Блур, Кросс секілді арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. «Олар өте тәжірибелі» дейді Серік Жүрсінбайұлы.

Қандай алаяқтық түрлері өршіп тұр?

Көбінесе қоғамымызда мына бағыттағы алаяқтық істер өршіп тұр. Брифингте бұл туралы да айтылып, халыққа сақтандыру жолдары айтылды.

  • Банк қызметкері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе байланыс операторлар қызметкері – алаяқтар өздерін банк, құқық қорғау органдарының қызметкері немесе байланыс операторлар қызметкері ретінде таныстырып, нөмір ажыратылып қалмас үшін SIM-картаңыздың әрекет ету мерзімін ұзартуды ұсынады, содан жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы алдау тәсілі;
  • Инвестиция – қоғамға әйгілі медиялық тұлғалардың бейнелерін интернет хабарландыруларға орналастыру және тиімді жобалараға ақшаны салу арқылы қаражаттарын көбейтуді ұсыну арқылы алдауда;
  • Алдан ала төлем жасау – интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету барысында жоқ тауарға сату платформалары арқылы (Kolesa.kz, OLX.kz, Krisha.kz) және инстаграм желісіндегі онлайн дүкендер арқылы алдын ала төлем жасау жолымен қаражаттарын иемдену;
  • Обналичка – азаматтар өзінің атына заттай тауар рәсімдеп оны алаяқтардың  интернетте төмен пайызда тауарлық несиені қаражатқа алмастырамыз деген жарнамасы арқылы алдану секілді тәсілдерді қолдануда;
  • «WhatsApp» желісі арқылы сілтеме тарату – алаяқтартүрлі сылтауларменвирустық сілтеме жолдау арқылы, «WhatsApp» мессенджерін бұзып таныстарынан, достарынан және жақын туыстарынан ақша сұрау арқылы алдау тәсілдерін қолануда. Сонымен қатар, балдарыңыздын және туыстарыңыздын даусын өзгерту арқылы хабарласып, жол апатына, есірткі тасымалдаумен құқық қорғау органдарына ұсталғанын хабарлап, мәселені шешуге ақша талап етуде. Сондықтан қандай да бір осындай оқиғалармен бетпе бет келсеңіз сақ болғаныңыз жөн.

Сонымен қатар цифрлік заман дамуымен бірге қылмыстың жасау жолы да дамуда және қаражаттарды қолды қылу үшін түрлі тәсілдерді пайдалануда. 2023 жылы алаяқтар қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды елміздің тұрғындарының карталарына түсіріп, оны банкоматтардан шештіріп, электрондық ақшаға айналдыру арқылы өздеріне аудартып алса, қазір таңда жәбірленушілердің қаражатын бірден халықаралық «Криптовалюта» биржа платформаларын (Бинанс, Байбит, ОКХ) қолданатын азаматтардың есепшоттарына аударып, олардан электрондық қаражаттарын шет мемлекеттердің есепшоттарына аудартып, иемденуде.

Алаяқтықтың қалай алдын аламыз?

Аудандық құрылымдармен профилактикалық алдын алу жұмыстарын күнделікті атқаруға міндеттеліп, нәтижесін күн сайын жолдау бақылауға алынған.

Сонымен қатар, «Шымкент реклама» ЖШС мен келісіп, қазан айынан бастап қала аумағында орналасқан барлық лэд экрандарға «Тоқта интернет-алаяқтық» тақырыбында күніне 300 рет бейнеролик шығарылуда.

Әлеуметтік желілерде 600-ден астам ескерту суреттері, 100-ден астам бейнеролик, 300-ден астам парақшаларда жариялануда. БАҚ-да 369 мақала жарияланды, оның 12 мақаласы Республикалық БАҚ жарияланды.

Дегенмен, қылмыскерлер уақыт талабынан қалыс қалмай, азаматтардың ақшалай қаражатын жымқырудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануда. Әсіресе, олар әлеуметтік желілердің мүмкіндігін ұтымды пайдаланып отыр. Сондықтан сақ болыңыздар!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...